Австрия шекарасында 9 шешен ұлтының өкілі ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия полициясы мемлекеттік шекарадан өтпек болған 9 адамды тұтқындады. Олар Сирияға кетіп бара жатқан содырлар болуы мүмкін деген күдік бар, деп хабарлады Росбалт.

Австрия шекарасында 9 шешен ұлтының өкілі ұсталды

Ұсталғандар бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Би-Би-Си-дің хабарлауынша, Австрия Ішкі істер министрі олардың барлығы босқын ретінде Австриядан баспана алған шешен ұлтының азаматтары екенін айтқан.