Австрия соты Facebook-ты агрессивті посттарды жоюға міндеттеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда сот Facebook әлеуметтік желісін агрессивті жарияланымдарды жоюға міндеттеді, деп хабарлады Би-би-си қызметі.
None
None

Шешімді әлеуметтік медиа интернеттегі «тролльдермен» күресуді талап ететін белсенділердің жеңісі ретінде қарауға болады.

Австрияның жасыл партия көшбасшысы әлеуметтік желіде жағымсыз хабарламалардан зардап шеккенен кейін сотқа талапарыз берді.

Facebook, Twitter және Google сияқты интернеттегі ірі желілер соңғы уақытта көптеген елдердің сыни, жағымсыз пікірлерінің толқынына ілікті. Әрі олар өз платформаларынан агрессивті пікірлерді алып тастауға асықпайтыны байқалады.

Компания проблемамен күресу үшін кейбір шараларды атады. Facebook агрессиямен, зорлық-зомбылық оқиғаларын желіге салумен күресу үшін 3 мың адам жалдауға уәде берді.

Google жалған жаңалықтар мен агрессивті пікірлер таратуды тоқтату үшін іздеу жүйесінің жұмысын өзгертетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар