Австрияда авиашоу кезінде ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияның оңтүстігінде өткен авиашоуда шағын ұшақ апатқа ұшырады, ұшқыш оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости агенттігінен.
None
None

Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға жексенбі күні Каринтия федералды аймағындағы Фризах қаласы маңында болған.

Полицияның хабарлауынша, ұшқыш айналу тәсілін қолданғанда ұшақты басқара алмай қателік жіберген.

Соңғы жаңалықтар