Австрияда бір отбасының 6 мүшесі түгел мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияның Бехаймкирхен аймағында (төменгі Австрия, елдің солтүстік-шығысында) полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйден 6 адамның мәйітін тапты.

Австрияда бір отбасының 6 мүшесі түгел мерт болды

Бұл туралы Kleine Zeitung хабарлады деп жазады lenta.ru. Мерт болғандардың барлығы бір отбасының мүшелері болып шықты. Олардың арасында егде әйел, оның қызы мен баласы және 3 немересі бар. Балалардың жастары 7-10 аралығында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көпбалалы ана өзінің туыстарын атып тастап, артынан өзі атылып өлген.

Әйел азаматшаны осыншама жанкештілікке итермелеген не себеп екені әзірге айталмады. Психолог маман Райнхард Халлердің айтуынша, әйелдер мұндай әрекеттерге өте сирек барады. Бұл жерде әйел уақытша есін жоғалтуы да мүмкін.

Kronen Zeitung басылымының мәліметтері бойынша, отбасы бұл аймақта 20 жылға жуық уақыттан бері өмір сүріп келген. Көршілері туыстардың арасында қандай да бір жанжал немесе ұрыс-керіс болған кездерін естеріне түсіре алмады.

31 қазан күні Дания полициясы Обенро қаласындағы пәтерлердің бірінен мұздатқыш камерадан жас әйел мен оның екі қызының мәйітін тауып алды. Бұл әрекет бойынша басты күдікті әйелдің күйеуі болып отыр. Ол сонымен қатар мерт болған қыздардың әкесі. Оған іздеу жарияланды.