Австрияда фашизмге қарсы күресте жандарын пида еткен қазақстандық жауынгерлердің рухына арнап мемориал орнатылды
ЕНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Қазақстанның Венадағы Елшілігінің ұйытқы болуымен, мамырдың 9-ында Австрияда Ұлы Отан соғысы жылдары ел аумағында шайқасқан және қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына арналған Батыс Еуропадағы алғашқы мемориал орнатылды.
Жеңіс күніне орайластырылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі Австрияның Линц қаласының маңында, Дунай алқабында орналасқан бұрынғы «Маутхаузен» концлагерінің аумағында өтті. Бұл рәсімге Австрияда тіркелген ТМД елдері өкілдіктерінің басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ антифашистік коалиция мемлекеттерінің елшілері қатысты.
«Ескерткіш тақтаның, фашизмге қарсы күресте ерлікпен қаза тапқан ата-бабаларымыздың ешқашан ұмытылмайтындығының жарқын үлгілерінің бірі болатындығына сенеміз. Өз өмірлерін Жеңіс жолында пида еткен азаматтардың рухына ризамыз», - деп атап көрсетті Қазақстанның Австриядағы елшісі Ержан Қазыханов өз сөзінде.
Дипломатиялық миссия басшысы сондай-ақ, мемориалдық тақтаны орнатуда қолдау көрсеткені үшін Австрия тарапына алғыс білдірді.