Австрияда футболдан Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропа-2012 чемпионатының іріктеу сатысындағы екінші ойынын өткізді
НА. 10 қазан. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Жексенбі, 9 қазан күні Австрияда 17 жасқа дейінгі қыздар арасында футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу сатысы аясында Қазақстанның жастар құрамасы Исландияның командасымен бірінші матч өткізіп, 0-3 есебімен ұтылып қалды.
Біздің командамыз өнер көрсететін «10 топ» кестесіндегі екі ойын қорытындысы бойынша Исландия екі ойында да жеңіске жетіп, 6 ұпаймен алда келеді. Шотландиялық қыздар 4 ұпайға, Австрия 1 ұпайға ие, Қазақстан құрамасы әзірге ұпай иеленген жоқ.
Сәрсенбі, 12 қазан күні сағат 16.00-де «Глоггнитц» стадионында Қазақстанның футболшылары осы іріктеу сатысындағы соңғы ойындарын Австрия командасымен өткізеді.