Австрияда концертке жиналғандарға оқ атылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияның батысында ер адам концертке келушілерге оқ жаудырды. Атыстан екі адам мерт болды. Бұл туралы жергілікті «Kleine Zeitung» газеті хабарлап отыр.

Австрияда концертке жиналғандарға оқ атылды

Оқиға салдарынан тағы 11 адам ауруханаға жеткізілді. Концерт 22 мамырға қараған түні Форарльберг федералдық жеріндегі байкер клубының аумағында өткен. Оқ атқан адам оқиғадан кейін өзіне қол салып көз жұмды.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 4-те болған. Концертте барлығы 150-ге жуық адам жиналды.
Полицияның ақпаратынша, адамдарға оқ атпастан бұрын ол көлік тұрағында әйелмен ұрысып қалған. Алайда, әйел атыс кезінде зардап шеккен жоқ.