Австрияда раллиі кезінде екі апат опат болды
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Жоғары Австрия жерінде, Санкт-Агата деген таулы аймақта өткен ралли барысында орын алған оқиғаның салдарынан бавариялық отбасы зардап шекті,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі австриялық радиоға сілтеме жасап.
Жарыс кезінде машиналардың бірі үлкен жылдамдықпен келген күйі қоршауды, 20 метрдей қашықтықта отырған көрермендерді соққан. Оқиға салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 13 жасар қызы опат болған, 40 жастағы отағасы мен 9 жасар ұлы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Жарыс дереу тоқтатылды.
Бас-сүйек жарақатын алған баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция, машинаның жолдан шығып кетуіне техникалық ақаудың себеп болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.