Австрияда Ұлы Отан соғысының аяқталуының 67 жылдығына орайластырылған салтанатты іс-шаралар өтті

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Австрияда Ұлы Отан соғысының аяқталуының 67 жылдығына орайластырылған салтанатты іс-шаралар болып өтті.
None
None

Қазақстан Республикасының Австриядағы елшілігі және Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің  қызметкерлері ТМД елдерінің көпшілік өкілдіктеріндегі және гитлерге қарсы коалициясындағы әріптестерімен бірлесіп, Венаның орталығындағы Шварценбергплац алаңында орналасқан Кеңес әскерлерінің мемориалы жанында және 1945 жылдың көктемінде Вена қаласын азат етуде қаза тапқан Қызыл Армия жауынгерлері жерленген орталық қалалық зиратында гүл шоқтарын қою арқылы жыл сайынғы еске алу рәсіміне қатысты.  Салтанатты іс-шарадан кейін австриялық және халықаралық жұртшылыққа, австриялық астанадағы дипломатиялық корпуске арналған дәстүрлі қонақасы берілді. 

13 мамырда қазақстандық дипломаттар, әскерилер және студенттер бұрынғы нацистердің концлагерінің орнында орналасқан "Маутхаузен" мемориалдық кешенінде өткен салтанатты-қазалы рәсімге қосылды. Гүл шоқтары фашизм құрбандарына арналған орталық ескерткішке қойылды.  Австрия территориясында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер құрметіне Батыс Еуропада орнатылған алғашқы ұлттық ескерткіш тақтасы жанындағы "қайғы қабырғасында" жеке ізет берілді. Бұл ескерткіш Елшіліктің бастамашылығымен Жеңістің 65 жылдығында орнатылды.  

Қасіреті белгілі концентрациялық лагер Австрияның провинцияларының бірінде болған, оның құрамына барлық Жоғары Австрияда орналасқан 49 бөлімшесі енген. Маутхаузен тұтқындарды аса қатал тәртіпте ұстаған ең қорқынышты мекеме ретінде танылады.   Лагерде 122 мыңнан астам адам жаза тартқан, оның 32 мыңнан астамы кеңес азаматтары.

Екінші Дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін лагерь территориясында Маутхаузен мемориалдық мұражайы құрылған. Бұл кешен адамдарды қатал құрту туралы естелікті сақтап қалуға өз үлесін қосып, Еуропа халқының фашизм мен ұлтшылдық алдында жүрексінбеуге дайын екендіктерін дәріптейді. 

Қазақстандық елшілік пен студенттер Вена университетінің заңгерлік факультетінде арнайы кездесу ұйымдастыруға өз үлестерін қосты. Аталған кездесуде Маутхаузеннің тірі қалған азғантай тұтқындарының бірі Евгений Васильевич Моисеев пен Австрияны азат етуде қаза тапқан қазақстандықтар туралы 2010 жылы басылып шығарылған альбомның авторы Питер Сиксиль сөз сөйледі. Австрия территориясындағы бауырластар зираттарында жерленген немесе Маутхаузенде лагерлік қиын тұрмыс кешкен қазақстандық тұлғаларды анықтау жөніндегі жұмыстар Елшіліктің, әскери атташаттың және австриялық қоғам қайраткерлері мен ынтагерлерінің біріккен күшімен жалғасын таппақ.

 

Соңғы жаңалықтар