Австрияда ұшақ жартасқа соғылып, жанып кетті

None
None


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Австрияның Веттерштайн тау жотасы аймағында шағын ұшақ апат ұшырап, салдарынан үш адам мерт болды. Бұл туралы жұма күні Австрия баспа агенттігі полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Қайғылы оқиға Тироль федералды жерінде 2,3 мың метр биіктікте болған. Ұшақ жартасқа соғылып, құлаған және жанып кеткен. Қазіргі уақытта полиция қаза табушылардың жеке басын, ұшақ үлгісін және қайда бет алғанын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар