Австрияда жаз ортасында қар түсті

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Австрияда қайнаған жаз ортасында қар түсті. Табиғаттың мұндай мінезі Зальцбург үшін күтпеген тосынсый болды. Қала жолдары мұз айдынына айналып, көшеге қар жинау техникалары шығарылуда, деп хабарлайды «Россия-24».

Австрияда жаз ортасында қар түсті

Ауа райының бұлай құбылуын жергілікті тұрғындар да, саяхатшылар да күтпеген еді. Олар енді шолақ шалбарлары мен жеңіл жейделерін қалың күрте мен бас киімге алмастыруға мәжбүр.

Соған қарамастан, елдің оңтүстігінде дауыл басылар емес. Толассыз жауған нөсер жаңбыр мен найзағайдың кесірінен мыңдаған үй жарықсыз қалып отыр. Бірқатар ғимараттар найзағай салдарынан отқа оранып, көліктер ірі бұршақ астында қалды.