Австриядағы Грац қаласы жариялаған байқаудың стипендиясын жеңіп алған жазушы Шлоссберг қамалында тегін тұруға мүмкiндiк алады
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Биылғы 1 қыркүйектен 2013 жылғы 31 тамыз аралығына Австрияның Грац қаласының Мәдениет істері жөніндегі басқармасы «Грац қаласының жазушысы» стипендиясына үміткерлерге байқау жариялады. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында айтылған.
Аталған стипендия жазушыға бiр жыл аралығында Грац қаласындағы Шлоссберг қамалында жұмыс істеуге және тегін тұруға мүмкiндiк береді, сонымен қатар 1100 евро шамасында ай сайын жәрдемақы алуына мүмкіндік жасайды
Немiс тiлiнің негізін меңгергендер құпталады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді 2012 жылғы 31 наурызынан кешiктірмей жiберу қажет.