Австриядағы ірі мигранттарды қабылдау орталығы лық толды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриядағы ең ірі Трайскирхен қаласындағы мигранттарды орналастыратын орталық босқындар легінің шамадан тыс көбейіп, орын жетіспеуіне байланысты есіктерін жабады, деп хабарлады Би-би-си.
None
None

Қазіргі кезде орталыққа 4 мың мигрант орналастырылған, бұл оны жобалағандағыдан шамамен екі есе көп.

Ғимарат шамадан тыс толғандықтан кейбір босқындар бала-шағаларымен көшеде ұйықтауға мәжбүр.

Елдің ішкі істер министрі Йоханна Микль-Лейтнердің айтуынша, орталық ондағы жағдай тұрақсыз бола бастағаннан кейін мигранттарды қабылдауды тоқтатуға тиіс болды.

Қазір ел үкіметі мигранттарды қабылдағысы келмейтін қалалар мен провинцияларға босқындарды орналастыратын орталықтар ашуға міндеттейтін заң жобасын әзірлеуде.

Жасырын мигранттар проблемасы соңғы кезде француздың Кале қаласындағы дағдарысқа байланысты қызу талқылануда. Каледегі мигранттар әр түн сайын Ла-Манш арқылы төселген туннельмен жасырын түрдеҰлыбританияға өтуге әрекеттенуде. Осындай әрекеттер кезінде қазірдің өзінде 9 босқын мерт болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум