11:55, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Австриядан келген ауру малдың ақшасын қайтару тетігі әзірленіп жатыр - «ҚазАгро» холдингі
АСТАНА 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Австриядан келген ауру малдың ақшасын қайтару тетігі әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында «ҚазАгро» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Мақажанов мәлім етті.

Оның айтуынша, ол малды сатып алу кезінде фермерлер барлық шығынның 15 пайызын көтерсе, «ҚазАгроФинанс» қаржының 85 пайызын құйды.
«Сол себепті Австриядан келген ауру мал «ҚазАгроФинанстың» иелігіне де жатады. Ол да біраз шығынға батты. Бүгінде біз ауру малға кеткен шығынды қайтарып алу бойынша тиісті тетікті әзірлеп жатырмыз. Осы мәселеге қатысты барлық ұсыныстарды қабылдауға даярмыз», - деп атап көрсетті Д. Мақажанов.