Австриялық әуе компаниясы әлемдегі ең қысқа халықаралық рейс ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриялық People's Viennaline әуе компаниясы әлемдегі ең қысқа халықаралық рейс ашуды көздеп отыр.

Австриялық әуе компаниясы  әлемдегі ең қысқа халықаралық рейс ашады

 Тасымалдаушы Швейцариядан Германияға уақыты небәрі сегіз минутқа созылатын ұшуды ұйымдастырады, деп хабарлады Лента.ру со ссылкой на The Daily Mail.

People's Viennaline Швейцарияның Санкт-Галлен - Альтенрайн әуежайынан Германияның Фридрихсхафен қаласының әуежайына таситын болады. Аталған бағыт 2 қараша күні ашылады.

Бағыт шамамен 21 шақырымды құрайды. Рейстер күніне екі рет атқарылады. Бару және қайту билетінің құны - 40 еуро.