18:59, 29 Тамыз 2015 | GMT +5
Австриялық шаңғышы денсаулығына зиян тигізген 6 жасар қызды сотқа берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриялық шаңғышы денсаулығына зиян тигізілгені үшін 6 жасар қыздың үстінен сотқа шағымданды, деп хабарлады "Р-Спорт" Local Austria-ға сілтеме жасап.

Шағым сомасы 38 мың еуроны құрап отыр.
Австрия мен Германия шекарасындағы таулы шаңғы курортында үйреніп жүрген шаңғышының алдынан 6 жастағы қыз шыға келген. Соның салдарынан ол құлап, бірнеше жерінен жарақаттанған. Шағым сомасы алдағы уақытта емдеуде жұмсалуы мүмкін шығынды есептеуден алынған. Сол оқиғадан кейін әйел қайта шаңғы тебе алмаған.
Енді провинциалдық сот бұл оқиғада баланың кінәсі бар ма және ол жауапкершілікке тартыла ала ма? Сол жағын қарастырып жатыр.