Австрияның СІМ: Мұсылман балабақшаларды жауып тастау керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияның сыртқы істер министрі және ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы Себастьян Курц мұсылман отбасыларынан шыққан балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру орындарын жауып тастау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Австрияның СІМ: Мұсылман балабақшаларды жауып тастау керек

Kurier басылымы өткізген пікірталас клубында Себастьян Курц мұсылман балаларға арналған балабақшаларды жауып тастауды ұсынды. «Мұсылман балалар бақшасы бізге керек емес. Мұндай балабақшалар елде мәдени және тілдік жағдайларда оқшаулануға алып келеді», - деді Австрияның сыртқы істер министрі.

Оның пікірінше, Еуропа құрлығы екінші дүниежүзілік соғыстан басталған көші-қон дағдарысынан, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі қарулы қақтығыстар мен экономикалық проблемалардан зардап шегіп отыр.