Автандил Хуртидзе Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузиялық боксшы Автандил Хуртидзенің промоутері қарамағындағы спортшының Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Автандил Хуртидзе Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

«Менің жігітім Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Бұл оның бұрыннан бергі арманы», - деді промоутер Лу ДиБелла.

«Мен Головкин - үздік р4р боксшы деп санаймын. Бірақ менің жігітім соңғы жылдары Головкинмен жекпе-жекке шыққандардан әлдеқайда жақсы жұдырықтасады. Ол Тайсон сияқты, менталитеті де соған ұқсас. Майк Тайсон - оның кумирі. Майк Тайсондай жұдырықтасқысы келетін, сондай-ақ ол тәрізді күші бар боксшы теледидар үшін көп жасайды», - деді ДиБелла.