Автобус 100 метрлік жарға құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде автобустың биіктігі 100 метрлік жарға құлауы салдарынан кем дегенде 13 адам мерт болып, тағы ондаған адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Автобус Лусон аралының солтүстік-батысындағы таулы жолға бағыт алған. Полицияның мәліметі бойынша бұл өңірде ауа райының жағдайы қолайлы болған және апатқа әсер етуі мүмкін емес.
Қазіргі кезде мамандар оқыс оқиғаға жүргізушінің қателігі немесе жолаушылар көлігінің істен шығуы себеп болуы мүмкін екенін айтуда.