Автобус аударылып, 18 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы (Индиана штаты) Индианаполис қаласында екіқабатты автобус жеңіл автомобильге соқтығысып, аударылды.
Полицияның ресми өкілінің айтуынша, жол апатынан 18 адам зардап шеккен.
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Автобуста 60-қа жуық жолаушы болған. Ол Атланта қаласынан (Джорджия штаты) Чикагоға (Иллинойс штаты) бара жатқан. Алдын ала болжамға қарағанда, автобус жүргізушісі жаңбыр салдарынан жеңіл автомобильді байқамай қалған.