Автобус аударылып, бір адам қаза тапты,17-сі зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Гран-Канария аралында туристер мінген автобус аударылып, бір адам қаза тапты, 17-сі жарақаттанды.
Апат аралдағы көшелердің бірінде болған, швейцарлық туристерді әкеле жатқан автобус бұрылыстардың бірінде жолдан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Жарақат алғандардың тоғызының жағдайы ауыр, олар ауруханаға жатқызылды. Испанияның азаматтық гвардиясы тергеу амалдарын жүргізуде. Алдын ала болжамға қарағанда, келеңсіз оқиға автобус тежегішінің істен шығуынан орын алуы ықтимал. Өзге нұсқа бойынша жол апаты жүргізушінің қателігінен орын алуы мүмкін, деп хабарлайды «Новости».