Автобус багымен 1,5 тонна жанармайды шекара асырмақ болған қырғызстандық ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз-қазақ шекарасында шекарашылар 1,5 тонна контрабандалық жанармайды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Автобус багымен 1,5 тонна жанармайды шекара асырмақ болған қырғызстандық ұсталды

Қырғызстан мемлекетті шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, 9 мамырда «Чон-Капка автожолы» бақылап-өткізу бекетінде шекарашылар рұқсат құжаты жоқ жанармайды анықтаған.

1982 жылғы Қырғызстан азаматы Б.К. Қазақстаннан Қырғызстанға «Ford Transit» маркалы автобусында орналасқан қосымша бактар арқылы рұқсат құжаттары жоқ 1 500 литр дизель отынын өткізбекші болған.

Ұсталушы Қырғызстанның Экономикалық қылмысққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік қызметі  аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тапсырылды.