Автобус бір үйір жылқыны басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанда жолаушылар автобусы бір үйір жылқыны басып кетті. Бұл туралы өңірлік ІІМ ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оқыс оқиға 25 қараша күні Мелеуз - Сыртланово күре жолында болған. Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, кенет жолға жүгіріп шыққан жануарлардың бірнешеуін басып кетті.

Апат салдарынан төрт жылқы өлген.

Жол апаты болған кезде, автобуста жолаушылар болмаған, жүргізуші зардап шекпеген. 

Соңғы жаңалықтар