Автобус минаға ұрынып, 19 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гвинея-Бисау елінде сенбі күні автобус фугасқа ұрынып, 19 адам қаза тапты, тоғызы жараланды.

Автобус минаға ұрынып, 19 адам ажал құшты

Бұл туралы жергілікті полиция өкілдері мәлім етті. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, жолаушыларға толы автобус жолдағы көлшікті айналып өтпек болған сәтте минаға ұрынған.

Еске сала кетсек, Гвинея-Бисауда 2003 және 2012 жылдары мемлекеттік төңкеріс болған. Көтерілістің және саяси тұрақсыздықтың салдарынан бұл елде әлі күнге дейін қару асынғандар толып жүр.