Автобус өзенге құлап, 16 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Уттар-Прадеш штатының тәу етушілері мінген автобус Неапалдың батысындағы Мади өзеніне құлап кетті.
None
None

ИАНС ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 16 адам қаза тауып, 58-і жарақаттанған.

Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, жүргізуші өз телефонының нөмірлерін теріп жатқан сәтте көлік жолдан шығып кеткен. Салдарынан тоғыз адам оқиға орнында ажал құшқан, ал екеуі ауруханаға барар жолда, бесеуі медициналық мекемеде көз жұмды.

Автобус жолаушыларға лық толы болған.

Соңғы жаңалықтар