Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 27 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияда автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 27 адам қаза тапты. Бұл туралы Associated Press жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.
Апат ел астанасы Найроби мен ірі портты қала Момбаса арасын жалғайтын жолда болған.
Полиция өкілдерінің деректері бойынша, автобус Момбасаға бет алған. Ал жүк көлігі жол-көлік апаты болғанда қарсы бағытта келе жатқан.