Автобус пен жүк көлігінің соғылуынан 10 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің Квинс ауданында автобустың автофургонмен қақтығысынан 10 адам зардап шекті, дәрігерлер олардың төртеуінің жағдайы аса ауыр деп отыр.
Бұл туралы CBS телеарнасы хабарлады.
Олардың мәліметінше, зардап шеккендердің тоғызы фургонда болған. Осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізу басталды.