Автобус теңізге құлап, 16 адам ажал құшқан апаттың видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Краснодар аймағында құрылысы жүріп жатқан пирстен теңізге құлаған автобустағы адамдардың 16-сы мерт болды. 
None
None

Бұл туралы Краснодар аймағы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі Бас басқармасынан хабарлады.

«16 адам мерт болды, 24-і құтқарылды, оның ішінде сегіз зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды», - деді ТЖМ аймақтық басқармасының  өкілі.

Бұдан бұрын автобуста 38 адам болғаны жайлы айтылған болатын. Оқиға орнында іздестіру жұмыстары  жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар