«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының 1-ші күнінде жол қозғалысы ережесі 242 рет бұзылған

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеше елордада басталған «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережесін 242 рет бұзған.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД-інде өткен апталық брифингте Жол полициясы басқармасы техникалық қадағалау бөлімінің бастығы Сағадат Қалиасқаров мәлім етті.

Оның айтуынша, іс-шараның алғашқы күнінде-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуына қатысты 242 факт анықталған. Атап айтқанда, қоғамдық көлікті заңсыз жабдықтауға - 3, мемлекеттік техникалық бақылаудан өтпей жолаушылар көлігін басқаруға - 3, тоқтау, тұру, жолаушылар тасымалдау ережелерін бұзуға - 8, жол қиылысы ережелерін бұзуға - 3, қауіпсіздік белбеуін пайдалануға - 20, көлік құралын жүргізіп келе жатып ұялы телефонды пайдалануға - 29, жол белгілеріне назар аудармауға - 49, жол қозғалысы ережесінің басқа да талаптарын бұзуға қатысты 50 іс анықталған. Сонымен қатар техникалық ақауы бар қоғамдық көлікті желіге жібергені үшін екі лауазымды тұлға әкімшілік жазаға тартылған.

«Техникалық ақауы бар және қайта жабдықталған 21 автобусты мемлекеттік тіркеу нөмірін алу немесе уақытша тұрақтарға қою арқылы пайдалануға шектеу қойдық», дейді С.Қалиасқаров.

Қалалық ІІД-нің мәліметтері бойынша, елордада 11 кәсіпорын 58 қоғамдық бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге 700 автобус шығады.

Соңғы жаңалықтар