Автобус жолаушысынан 2 киләдан астам есірткі табылды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Кеше кешке Астана – Степногор күрежолынан шығаберіс бекетте автобус жолаушысынан есірткі заты табылды.
None
None
Бұл туралы бүгін Жол полициясы басқармасының жеке батальонының рота командирі Қанат Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпанның 16-сы мен 22-сі аралығында «Есірткі қалқаны» жедел іс-шарасы аясында өткізілген бақылаудың барысында автобус жолаушысының сөмкесінен 2 киләдан астам ұнтақ табылды. Алдын ала жасалған шешімдер бойынша, бұл марихуана заты болуы мүмкін. Ұсталған азамат 1987 жылы туған, тұрғылықты жері жоқ. Қазір сараптама мен тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Бұл азаматтың бұрын да осы бап бойынша ұсталғаны белгілі болды. Бірақ ол жолы одан табылған есірткі көлемі аз болғандықтан, оны әкімшілік айыппұл төлеттіріп, босатып жіберген. Бұл жолы егер оның кінәсі дәлелденсе, қамауға алынады», деді Қ.Сұлтанбаев.Сонымен қатар, ақпанның 16-сы мен 20-сы аралығында Астанада «Қақпан» жедел іс-шарасы өтуде.
Соңғы жаңалықтар