Автобус жүк көлігіне соқтығысып, 4 адам қаза тапты, 48-і зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Тяньцзинде жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан 4 адам ажал құшып, тағы 48 адам зардап шекті, деп хабарлады «Синьхуа» жергілікті билікке сілтеме жасап.
Жол қиылысында автобус цемент әкеле жатқан жүк көлігімен соқтығысып, аударылғаны атап өтіледі.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде жағдайы ауырлары жоқ.