Автобус жүргізушілері тарапынан ереже бұзушылықтардың жолын кесу - басты мақсат

АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Жол полициясы қызметкерлері қабылдаған шараларға қарамастан, еліміздің автожолдарында жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтар тыйылмай отыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінен.

Автобус жүргізушілері тарапынан ереже  бұзушылықтардың жолын кесу - басты мақсат

Республика аумағына кіретін автобустардың көпшілігінде жолаушылар саны белгіленген нормативтерден асады. Жүргізушілер автобустарды мас күйде, сондай-ақ куәліктерінде сәйкес категориясы жоқ басқару фактілері орын алады.

Көбінесе аталған бұзушылықтар жол-көлік оқиғасының болуына себеп болады.

Мәселен, 2010 жылғы тамыздың 5-інде сағат 20.00-де Жамбыл облысының аумағында «Алматы - Ташкент» автожолының 351-ші шақырымында Жамбыл облысы ІІД Жол полициясы инспекторларымен Қырғызстан Республикасы азаматының басқаруындағы СангЙонг микроавтобусының жүргізушісі тоқтатылды. Автобус салонындағы жолаушылар саны белгіленген нормативтерден айтарлықтай артық болды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты, ҚР ӘБҚкҚ 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қарағанды облысында жол полициясы инспекторларымен мас күйде жолаушыларды тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды. Ағымдағы жылғы тамыздың 5-інде 21.04 сағатта Үштөбе кентінің аумағындағы «Екатеринбор - Алматы» автожолында Қарағанды облысының ішкі істер басқармасы жол полициясы жеке батальонының қызметкерлері мас күйдегі жүргізушінің басқаруымен «Мерседес» маркалы автобусты ұстады. Автобус «Астана - Шымкент» бағыты бойынша қозғалып, оның салонында 49 жолаушы болды.