Автобус жүргізушісі үшінші қабаттан құлаған 7 жасар қызды құтқарып қалды

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат -  Нью-Йорктің Бруклин ауданында  үшінші қабаттан құлаған 7 жасар қызды автобус жүргізушісі құтқарып қалды.

Автобус жүргізушісі үшінші қабаттан құлаған 7 жасар қызды құтқарып қалды

 Олардың екеуі де ауруханаға жеткізілді, баланы қағып алған сәтте жүргізушінің иығындағы сіңірлері жыртылып кеткен көрінеді.  Ал бүлдіршіннің  жарақаты аса ауыр емес.

Қыз бала күндізгі уақытта  үйдің сыртқы қабырғасына орнатылған салқындатқыштың үстіне шықпақ болған. Автобус жүргізушісі оның құлап кетуі мүмкін екендігін көрген сәтте  дереу  көмекке ұмтылған. деп хабарлайды mir24.tv .