Автобус жылқымен соқтығысып, 20 адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кубаның Вилья-Клара провинциясында жолаушылар автобусы кенеттен жолға шыға келген жылқымен соқтығысып, кем дегенде 20 адам жарақаттанды. Бұл туралы Prensa Latina агенттігі хабарлады.

Автобус жылқымен соқтығысып, 20 адам зардап шекті

Зардап шеккендердің арасындағы екеуі – бала. Полиция оқиға орнында апат салдарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ресми мәліметке қарағанда, аралда күн сайын шамамен 31 жол-көлік оқиғасы болады. Ал апаттың басым бөлігі жүргізушілердің салғырттығынан, жылдамдықты шектен тыс асыруынан, жолдың нашарлығынан, сондай-ақ техниканың ескіруінен орын алады.

Куба жолдарында жүйткіп жүрген машиналардың көпшілігі көне, 50 жылдан асқан.