23:32, 30 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Автогол «Астананың» «Галатасараймен» есепті теңестіруіне көмектесті - 1:1
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Түркияның «Галатасарай» командасына қарсы ойнап жатқан «Астана» 78-ші минутта есепті теңестірді. "Астананың" футболшысы Жуниор Кабананганың тепкен добын "Галатасарайдан" Хакан Балта өз қақпасына кіргізіп алды, сөйтіп есеп теңесті.
Бұдан бұрын Түркияның «Галатасарай» командасынан Билал Қиса "Астана" қақпасына доп салып, матчтың 31 минутында есеп ашқан болатын. Осылайша, ойынның 80-ші минутында матч 1:1 есеппен жалғасуда.
Матчты əлемнің 53 арнасы тікелей эфирден таратуда. Мыңдаған қазақ жанкүйерімен бірге Астана командасын Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев те қолдауға келгені белгілі болды. «Астана» командасы Қазақстанның футбол командалары арасында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш команда.