Автокөлік апатынан танымал әнші Бақыт Жұмаділов қайтыс болды

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгін автокөлік апатынан танымал қазақстандық музыкант, әнші, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Бақыт Жұмаділов қайтыс болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның жанында болған әріптес досы Досым Сүлеев ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Қазақ эстрада өнерін дамытуға айрықша үлес қосқан екі дос аң аулаудан қайтып келе жатқанда, Қордай асуында көлік апатына ұшыраған. Бұл қайғылы оқиға бүгін таңертең орын алған.

Бақыт Жұмаділов рөлінде отырған Ланд Крузер 100 автокөлігі бірнеше рет аударылып, әнші апат болған жерде көз жұмған.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Алматының Орталық концерт залында, сенбі күні, сағат 11-де өтеді, деп хабарлады туыстары.

Соңғы жаңалықтар