09:35, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Автокөлік қаққан азамат мерт болып, тағы біреуі жарақаттанды - ТЖМ
СТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Кеше, Астанада автокөлік дөңгелегінің астын түскен бір адам мерт болып, тағы біреуі жарақаттанды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, мамырдың 6-сы күні таңертеңгі сағат 9.35-те, Алматы ауданындағы Сейфуллин көшесі мен Районный тұйық көшесінің қиылысында «Ниссан» автокөлігін басқарған 34 жастағы азамат, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргіншілердің бірі - 40 жастағы әйел алған жарақаттардан сол орында мерт болса, 19 жастағы ер азамат ауруханаға жеткізілді.