Автокөлікпен саяхаттау арзанға түсетін елдер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық The Daily Mail басылымы автокөлікпен саяхаттау аса тиімді болатын Еуропа елдерінің рейтингін жариялады. Оны құру барысында сол елдердегі жанармай құны мен көлікті жалдау бағасы ескерілді.
None
None

Көлікпен саяхаттауды ұнататындар үшін ең арзанға түсетін ел Испания болып шықты. Бұл елде 1 литр жанармай құны орта есеппен 1,4 еуроны құрайды, ал машинаны бір аптаға жалға алу 78 еуроға түседі. Одан кейінгі орындағы Португалияда жанармай құны - 1,6 еуро, көлік жалдау 83 еуродан басталады. Үшінші орынды Ұлыбритания алады, онда жанармай бағасы - 1,6 еуро, автомобиль жалдаудың апталық құны - 126 еуро. Ал бұл тұрғыдан алғанда ең қымбат ел Норвегия болып шықты. Онда 1 литр жанармай 1,9 еуро тұрады, ал көлікті бір аптаға 315 еуроға жалдайсыз. Нидерланды мен Италия да сәйкесінше жанармай құны 1,8 еуро, ал көлік жалдау 178 және 166 еуроны құрады, деп хабарлайды autonews.ru.

Соңғы жаңалықтар