Автокөліктердің ең танымал түсі белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл зерттеуге 500 мыңнан астам сатылған көлік қатысқан. Ford компаниясының зерттеу нәтижелеріне қарағанда, ең танымал түстер - ақ (23%), қара (20%) және сұр (17%), деп жазады шетелдік БАҚ.
Ақ түсті көліктерді негізінен Түркия тұрғындары қалайды екен. Олардың Ford-тан алынған автокөліктерінің 55 пайызының түсі ақ болған. Ресейде бұл көрсеткіш 29 пайызды құрады. Ол ресейліктердің аппақ қардай қысқа деген ықыласымен байланысты болуы керек. Орыстардың арасындағы кең сұранысқа ие келесі түстер: қара және сұр.
Британиялықтардың автокөліктерінің басым түсі қызыл болып келеді. Мүмкін ол оларға гвардиялықтардың қызыл мундирлерін еске салатын болар. Румынияда Ford компаниясының көк түсіне сұраныс жоғары болса, норвегиялықтар қоңыр түске басымдық береді.