Автокөлікті енді ауылдағы ХҚО-ларда тіркеуге болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының аудандық бөлімшелеріне әкімшілік полиция тіркеу-емтихан алу бөлімшелерінің қызметкерлері орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар пилоттық режімде көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін құжаттарды қабылдайды. Жаңа жүйенің артықшылықтарын Қарағанды облысы Осакаровка ауданының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары алғашқылардың бірі болып бағалай алады.
ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы Тіркеу-емтихан алу бөлімшелерінің қызметкерлерін аудандық ХҚО-ларға орналастыру жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалық ететін ведомствоаралық комиссия шешімімен жүзеге асырылуда. Бұл ұсынысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторинг тобы аудандық тіркеу-емтихан алу бөлімшелерін тексеру нәтижесінде жасаған. Жақын арада жоба аясында Қазақстанның 9 өңірінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тағы 21 фронт-офисі іске қосылмақ.
Жаңа жүйе жүргізуші куәліктерін ауыстыруға және автокөлік құралдарын тіркеу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұдан былай көлік тізгіндеушілер облыс орталығындағы арнайы ХҚО-ға немесе ішкі істер органдарына барып жүрмейді. Алайда, бұл жобаның алғашқы көлік жүргізу куәлігін беруге қатысы жоқ.
Осакаровка ауданының №1 халыққа қызмет көрсету орталығы Осакаровка кентінің Пристанционная көшесінде, 12-үйде ораналсқан. Тайынша аудандық ХҚО мекенжайы - Қазақстан Конституциясы көшесі, 208-үй.
Еске сала кетсек, 2012 жылдан бері Қазақстан азаматтарына жүргізуші куәліктерін беру және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер бір терезе қағидаты бойынша көрсетіліп келеді. Бүгінде елімізде 14 арнайы ХҚО мен 3 сектор жұмыс істейді. Жыл соңына дейін Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында арнайы ХҚО-ларды ашу жоспарланған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тіркеу-емтихан алу бөлімшелерінің қызметкерлері орналастырылған кеңселері:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданындағы №1 ХҚО бөлімшесі;
2. Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
3. Ақмола облысы Есіл ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
4. Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
5. Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
6. Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ХҚО бөлімшесі;
7. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
8. Жамбыл облысы Талас ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
9. Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
10. Павлодар облысы Ақсу қаласындағы ХҚО бөлімшесі;
11. Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
12. Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
14. Атырау облысы Жылыой ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
15. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
17. Қызылорда облысы Арал ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
20. Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
21. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
22. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданындағы ХҚО бөлімшесі;
23. Қарағанды облысы Осакаровка ауданының №1 ХҚО бөлімшесі.