Автокөлікті заңсыз иемденген топтың 25 қылмыстық әрекеттері әшкереленді

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдын-ала тергеу барысында Алматы қаласында және Алматы облысында автокөлікті заңсыз иемденген топтың 25 қылмыстық факітілері әшкереленді. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Автокөлікті заңсыз иемденген топтың 25 қылмыстық әрекеттері әшкереленді

«Өткен аптадағы біз Алматының және Алматы облысының аумақтарында танымал маркалы автокөліктерді ұрлаумен айналысқан бес адамнан құралған топтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тексеру барысында атыс қаруы, жол полициясы қызметкерінің нысанды киімі, бетперделер, сондай-ақ көліктерді ашу және айдап әкетуге арналған құралдар тәркіленді»,-деді ол.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері ұрланған төрт көліктің тұрған жерін анықтап, ұрланған автомашиналарды сатып алушыларды ұстады.

«Алдын ала тергеу барысында осы топтың автокөлік құралдарын заңсыз иемденуіне байланысты 25 қылмыс жасағаны әшкереленді»,-деді Қ. Жұманов. Барлығы 13 автокөлік, оның ішінде «Мерседес» маркалы 9 автомашина, үш джип және бір Ниссан Мурано Кроссовері тәркіленді. «Жәбірленушілерді анықтау бойынша іздеу іс-шаралары жүргізілуде. Ұсталғандардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы барын тексеру жалғасуда»,-деді департамент бастығы.