Автоматтандырылған жүйенің көлеңкесінде қалған кеденшілерге не болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарасында тауарларды автоматтандырылған жабдықтармен бақылау үшін АСТАНА-1 жүйесі енгізілгеннен кейін, кедендік бекеттерде қызметкерлер қысқартылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз оңтайландыру шараларын жүргізуге мәжбүр болдық. Биыл өзбек шекарасында екі өткізу бекетін аштық және ол жерге адамдардың штаты керек. Сонымен қатар біз тәулік бойы жұмыс жасайтын режимге ауыстық. Өздеріңіз білесіздер, бір адам 24 сағат бойы қызмет ете алмайды. Сонымен бірге бізге экспорттық бақылау бойынша жаңа қызметтер жүктелді. Алдағы жылы Қытаймен арадағы шекарада ең үлкен бекет ашылады, шамамен сәуір-мамыр кезінде іске қосылады. Осы орайда бұл жерде ауқымды жұмыс жүргізілгендіктен, осы бекетке де қызметкерлер қажет болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, АСТАНА-1 жүйесі 1 қазаннан бастап жұмыс істеуде және оның көмегімен кедендік үдеріске автоматтандырылған бақылау іске асырылады.

«Мәселен, бір компания бұрындары контабандамен ұсталса, бірден бұл компанияны тыңғылықты тексеруге бұйрық беріледі. Яғни, жүйе кеденші жұмысына нұсқау жасайды. Егер де кеденші бұл шараларды іске асырмаса, онда жүйе оған декларацияны жабуға әрі құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік бермейді. Егер де жаңа компания болса, онда тауар құны бағаланады. Осы орайда «iPhone» құрылғысын тасымалдаушы 100 доллар деп белгілесе, өз кезегінде машина бұған дейін декларацияда осы құрылғылар 800 доллардан жазылғанын анықтайды. Бұл тұрғыда жүйе құжаттардың дұрыстығын анықтауға бұйрық береді. Ол өнім құнына, тауарға, тасымалға, елдерге және басқа да факторларға әрекет етеді», - деді Ғ. Әмрин.

Қаржы министрлігі өкілдерінің пайымынша, аталған жүйе кедендік рәсімдерді жылдамдатып, қағазбастылықтан бас тарту арқылы тауарларды декларациялауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. 

Соңғы жаңалықтар