Автомобиль балабақша қабырғасын қиратты - бір адам мерт болып, бірнеше сәби ауыр жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Орланда қаласында (Флорида штаты) автомобиль қабырғаны қиратқан бойы балабақша ғимаратына кіріп кетті.

Автомобиль балабақша қабырғасын қиратты - бір адам мерт болып, бірнеше сәби ауыр жарақаттанды

Апат салдарынан бір адам мерт болып, 11-і жарақаттанды, олардың ішінде бүлдіршіндер де бар.

Барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, кейбірінің жағдайы ауыр.

Оқиға болған жерді тастап, ізін суытқан жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.