Автонесиеге алынған көлікті сатуға бола ма
«Көлікті қайта сату мүмкін емес. Өйткені, ол жерде әр адамның ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген. Одан бөлек, клиенттің аты-жөні мен банк төлем шоты ұсынылады. Яғни автомобиль тек сол адамға беріледі және ол ала сала біреуге сата алмайды», - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров Үкімет үйінің кулуарында.
Оның айтуынша, автонесиелендіру бойынша жағдай қордың бақылауында және процесс автоматтандырылған.
Бұған дейін автомобильге жеңілдетілген несие алғандардың тізімі ашық жариялануы мүмкіндігі туралы хабарлаған едік.
Сонымен қатар жеңілдетілген автонесиеге өтінімді смартфон арқылы беруге қатысты сауалға жауап берілді.
Одан бөлек, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сұраныстың артуына байланысты қосымша қаржы бөлу мәселесін қозғады.