Автордың жазбалары бар «Гарри Потердің» алғашқы басылымы 228 мың долларға сатылды

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Лондондағы Sotheby's бәссауда үйінде Джоан Роулингтің «Гарри Поттер және фәлсафалық тас» кітабы алғашқы басылымының данасы 228 мың долларға сатылды.

Автордың жазбалары бар «Гарри Потердің» алғашқы басылымы 228 мың долларға сатылды

Бұл туралы РБК хабарлады. Туындыны бәссаудаға жазушының өзі ұсынған. Шығармада Дж.Роулингтің суреттері мен ескертпелері қамтылып, онда жазушы туындыны жазу, қаһармандарды және оның айналасындағы әлемнің тарихы туралы сыр шертеді.

Лот қайырымдылық бәссауданың бір бөлігіне айналған.