Авторлық құқық саласында өтінімдер тұрақты өсіп келеді - Б. Имашев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Авторларға төленген сыйақы сомасы едәуір артты. Бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Әділет министрі Берік Имашев осылай мәлім етті.

Зияткерлік меншікті қорғау бағытына тоқталған министр: «Соңғы төрт жылда өнеркәсіптік меншік нысандарына берілген қорғау құжаттары 40 пайызға өсті. Оның ішінде негізгі үлесін (82,7 пайыз) тауарлық белгілер құрап отыр»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, авторлық құқық саласында құқықтарды тіркеу үшін өтінімдер тұрақты өсуде. Бұл өз кезегінде коммерциялық бағыттың, авторлардың өздерінің құқықтарын қорғаудың жандануын байқатып отыр.

«Авторлық құқықтарды ұжымдық басқару бойынша компаниялармен соңғы жылдары жиналған және авторларға төленген сыйақы сомасы айтарлықтай артқан. 5 жылда оның көлемі үш есе өсті. Жиналған сыйақының жартысынан астамы (53 пайызы) қазақстандық авторларға аударылды»,-деді Б. Имашев.

 

Соңғы жаңалықтар