Авторлық құқықты тіркеу жөніндегі қызмет автоматтандырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Авторлық құқықты тіркеу жөніндегі қызмет автоматтандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Авторлық құқықты тіркеу жөніндегі қызмет автоматтандырылды

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Әділет министрлігі бұдан былай авторлық құқықпен қорғалатын туындыға құқықты мемлекеттік тіркеу қызметін көрсетпейді. Өйткені, бұл қызмет автоматтандырылды.

Және оның атауы «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімінде мәлімет және олардың өзгерістерін енгізу» деп өзгертілді. Бұл қызметті «ҰЗМИ» РМК ақылы негізде көрсетеді.

Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

call-center 8(7172) 62-15-15, 8(7172) 62-15-16. 8 (7172) 62-15-08.