120 теңгенің сәбізін 325-тен: Екі өңірде мекемелер көкөністі 2-3 есе қымбатқа сатып алып отырған

стабфонд
Фото: pixabay

Балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілген. Бұл фактілерді Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері еліміздің екі облысында анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Мәселен, ШҚО-да ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы 1 кг сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден жеткізген.

ҚМА өңірлік департаментінің араласуынан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөніс бағасы 2 еседен астам төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін).

Сонымен қатар, СҚО-да жеке кәсіпкер аудандық балабақшаларға көкөніс сататын 50 млн теңгеден астам сомаға бизнес ұйымдастырған.

Картоп бір кг 250 теңгеден жеткізілген, ал оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43%-ға арзан болған (141 теңгеден).

Бұл келесі жылы СҚО-да азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.

Әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% аспауы керек.

Соңғы жаңалықтар
telegram