Автоспорттан "Дакар" раллиінің 3-кезеңін "Астана" жүк көліктері арасында КАМАЗ-бен 2-боп аяқтады

      АЛМАТЫ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Автоспорттан Аргентинада өтіп жатқан әйгілі "Дакар" раллиінің кеше Сан-Рафаэль мен  Сан-Хуан қалалары аралығындағы 3-кезеңді 
None
None

 "Астана" жүк көліктері арасында КАМАЗ-бен 2-боп аяқтады. Соның нәтижесінде  1-кезеңді бесінші, екінші кезеңді алтыншы боп аяқтаған олар алғашқы 3 кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте 6:47.33 уақыт көрсеткішімен бірінші орынға шықты. Оларды ИВЕКА мінген Нидерландия-Белгия,  Нидерландия-Италия және Нидерланидия экипаждары өкшелеп келе жатыр. Көшбасшыдан олардың  біріншісі - 0.28  секунд, екіншісі - 1,51  минут, үшіншісі 1, 57 минут  артта келеді.

Биыл 34-рет ұйымдастырылып отырған бұл дүбірлі дода 14 кезеңнен тұрады. Аргентина мен Чили елдерінің аумағында өтетін бұл жарыстың жалауы 1 қаңтарда көтерілген болатын. Жеңімпаздың есімі 15 қаңтарда белгілі болады.  88 мотоциклист, 32 квадроциклист және 173  жол талғамайтын автомобиль мен 76 жүк көліктері экипаждары арасындағы бұл  сайыстың 4-кезеңі бүгін   Сан-Хуана мен  Чилесито қалалары аралығында өтеді. Онда жол талғамайтын автомобильдер арасында "Қазақстан" экипажы  жалпы есепте 124-орында келе жатыр. Олар  көш басындағы Польша және  Белгия спортшылары Кшиштоф Головчик мен Жан-Марк Фортеннен 10.11.16 уақыт айырмашылығымен артта қалып қойды.

Соңғы жаңалықтар