«АвтоВАЗ» 1,5 мың жұмысшысын қысқартып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «АвтоВаз» компаниясы кәсіподақтар мен еңбекпен қамту орталығына 1,5 мың адамды қыстарту туралы ескертуді жіберді.

«АвтоВАЗ» 1,5 мың жұмысшысын қысқартып жатыр

Атап айтқанда, компания 2014 жылдың соңына дейін 7,5 мың қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр, бұл өз кезегінде концерн жұмысшыларының 10 пайызға жуығын құрайды. Бұндай қадамға Ресейде автокөлік сатылымының төмендеуі және ағымдағы жылы нарық бойынша жағымсыз болжамдар себеп болуда. Белгілі болғандай, тараптардың келісімі аясында жұмыстан кеткендер ақшалай өтемақы алады екен.